Каз Рус
 
 

Для содержимого этой страницы требуется более новая версия Adobe Flash Player.

Получить проигрыватель Adobe Flash Player

 
 
Іздеу


 
Жаңалықтар  

Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев Алматы қаласы метрополитенін аралады

Метрополитеннің құрылысы екі кезекте жүзеге асырылуда. Бірінші кезектегі Райымбек станциясынан Алатау станциясына дейінгі учаскедегі құрылыс қазіргі таңда аяқталу үстінде. Бас мердігер «Алматыметроқұрылыс» АҚ компаниясы ағымдағы жылғы желтоқсанда нысанды пайдалану ға беруді жоспарлауда.

Метрополитеннің бірінші кезектегі нысандарының құрамына 7 станция кіреді, яғни, электрдепосы, инженерлік корпус және қызмет көрсетуші персонал ғимараты.

2011 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 158,7 млрд. теңге игерілді, 16,3 км рельстің 12,9 км-і (80%) салынды, гидрооқшаулау жұмыстардың 95%-ы орындалды. Түйіспе рельстерін монтаждау жұмыстары жүргізілуде (18,9 км-ді ң 16,7 км-і монтаждалды).

Барлық жеті станцияда негізгі және ішкі құрылыстарды салу жұмыстары аяқталды. Алты станцияда архитектуралық-көркемдік өрнектеу жұмыстары өз мәресіне жетті. Сондай-ақ, алты станцияда 24 экскалатордың 22-і құрастырылды.

Hundai (Корея) шығарған электропойыздардың барлық 7 құрамы сатып алынды.

Алатау станциясынан басталып, Әуезов көшесіне дейін және Райымбек станциясынан Алматы-1 теміржол вокзалына дейінгі қашықтықтағы метрополитеннің екінші кезегінің құрылысын келесі жылы бастау жоспарлануда. Жұмыстардың құны 227,3 млрд. теңгені құрайды, құрылыстың күтілетін мерзімі 76,5 ай. Ұзақтығы 17,38 км екінші жерасты теміржолы 11 станциядан тұрады. Құрылыстың екінші кезегін бастау үшін республикалық бюджеттік комиссия 2012 жылғы бюджеттен 12,7 млрд.теңге, 2013 жылғы бюджеттен 20 млрд. теңге және 2014 жылы 20 млрд. теңге бөлуді қолдады.

19.10.2011

«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
 
 
Copyright (c) 2009, Алматыметро. Все права защищены.